Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсе...

14.09.2022
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсе...
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де ақыл-ой мүмкүндігі шектеулы адамдар арасында SENI CUP 2022 шағын футболдан жарыс өткізілді. Ашылу салтанатты «Аманат» партиясының мүшесі «Бірлік» филиалының атқарушы хатшысы Ш. Ш.Қожахметов, «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысы И.В. Скуб, «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт баскармасы» ММ басшысы С.С. Жылқыбаев және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ директоры Н.Н. Зулкарнаевтың құттықтау сөздерімен басталды. Турнирге Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының командалары қатысты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ 8 қызмет алушы қатысты. Тартыс оңай болған жоқ, жастарымыз жүлделі орындарға қиындықпен қол жеткізді, бірақ ақырында олар футболдан жақсы нәтижелер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшылар 3- орынға ие болды. Турнир соңында жарыстың барлық қатысушыларына медальдер мен сыйлықтар табысталды

Толығырақ https://www.instagram.com/p/CifEO1UoNvu/
×

Заказать звонок

Мы свяжемся с вами в течении 15 минут

* Поле ФИО обязательно к заполнению * Поле Телефон обязательно к заполнению