Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер

Күтім мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту, оңалту іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында қызмет алушылар ұстау режимдеріне, денсаулық жағдайына, жынысы мен жасына сәйкес бөлімшелер мен бөлмелер бойынша орналастырылады.Бөлмелер қажетті жұмсақ мүкәммалмен және жиһазбен жабдықталған. Кіші медициналық персоналмен бірге қызмет алушыларды тұрмыста және өзіне-өзі қызмет көрсетуге (гигиеналық рәсімдер, сыртқы күтім, өз бөлмелерін жинау, үстелді жабдықтау, ұсақ заттарды үтіктеу, жуу және т. б.) үйрету жүргізіледі.

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету:

  • Қызмет алушыларды тұрғын үй-жайларда (бөлмелерде) орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері, дене және психикалық жағдайы, бейімділігі, психологиялық үйлесімділігі, жеке басының дамуы мен әлеуметтенуінің деңгейі ескерілуі тиіс.
  • Қызмет алушыларға пайдалануға берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
  • Қызмет алушыларға ұсынылатын киім, аяқ киім, іш киім және бірінші кезекте қажетті басқа да заттар киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес болуы, мүмкіндігінше олардың фасоны мен түсі бойынша сұрауларына, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап беруі тиіс.
  • Ыстық тамақ, оның ішінде диеталық, сапалы өнімдерден дайындалуы, теңгерімділік және калориялылық талаптарына жауап беруі, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болуы және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып ұсынылуы тиіс.
  • Қызмет алушыларға олардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуларына көмек көрсету. Қызмет алушылардың ауру сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және психикалық жағдайын ескере отырып, уақтылы және қажетті көлемде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінде көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
  • Түзету іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тұрмыстық қызмет көрсету кезінде көмек көрсететін қызметкерлер
×

Заказать звонок

Мы свяжемся с вами в течении 15 минут

* Поле ФИО обязательно к заполнению * Поле Телефон обязательно к заполнению