Шаңғы жарысы мен қарадымдағышпен жүгіруден Қазақстан Арнайы олимпиадасының Республикалық турнирі

2022 жылғы 2-3 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында шаңғы жарысы мен қарадымдағышпен жүгіруден Қазақстан Арнайы олимпиадасының Республикалық турнирі өтті.
Турнирге Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Қарағанды қалаларынан және Ақмола облысынан 97 атлет қатысты.
Біздің спортшылар жүлделі орындар үшін қиын күресте қарсыластарының көпшілігін жеңіп, 9 алтын, 6 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.
Турнирдің жабылу салтанатында біздің қатысушыларға «Қазақстан Арнайы олимпиадасы» медальдары мен грамоталары табыс етілді. Бұл біздің спортшыларымыздың «Арнайы Олимпиада» спорт турнирлеріндегі алғашқы жеңісі емес және соңғы жеңісі де емес деп үміттенеміз.