Біз туралы

Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы " КММ, Астана қаласы әкімдігінің 09.11.2016 жылғы №158-2164қ қаулысы негізінде құрылды, он сегіз жастан асқан, психоневрологиялық аурулармен ауыратын, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың тәулік бойы тұрақты тұруына арналған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ Астана қаласынан 135 км қашықтықта, Ақкөл қаласының аудан орталығынан 35 км қашықтықта орналасқан. Жер учаскесінің ауданы – 5,9676 га. жалпы ауданы 6344,8 м2: оның ішінде негізгі корпустың ауданы - 2858,7 м2, сонымен қатар шаруашылық корпус, авто гараж, қазандық және кір жуу алаңы 3486,1 м2 құрайды.  

Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ штатында 263 қызметкер бар,  білікті ұжым таңдалды. Негізінен бұл Ақкөл қаласының және жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары.

Стационарлық үлгідегі орталықты құрудың негізгі міндеттері:

Қызмет алушылар үшін жасына және денсаулық жағдайына неғұрлым барабар, үй жағдайына жақын өмір сүру жағдайларын жасау

Осы Стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру
Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және ықпалдастыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
Кемсітушіліктің, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, дөрекі қараудың барлық түрлерінен қорғау

Бүгінгі күні біздің орталықта 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 367 қызмет алушы тұрады, олардың ішінде 231 ер адамдар мен 136 әйел адам тұрады. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемі көрсетіледі, олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбектік, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық.

Орталықтың құрылымы

Директор
Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары
Медициналық бөлімнің меңгерушісі
Әлеуметтік жұмыстар бойынша директордың орынбасары
Әкімшілік-шаруашылық бөлімі
Бухгалтерлік бөлім
Заң бөлімі
Кадр бөлімі
Медицина бөлім
Әлеуметтік бөлім
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер
Медицина бөлім

Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер
Күтім мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту, оңалту іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында қызмет алушылар ұстау режимдеріне, денсаулық жағдайына, жынысы мен жасына сәйкес бөлімшелер мен бөлмелер бойынша орналастырылады. Бөлмелер қажетті жұмсақ мүкәммалмен және жиһазбен жабдықталған.
Әлеуметтік-мәдени қызметтер
Мерекелерді, мерейтойларды, туған күндерін, экскурсияларды, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге және басқа да мәдени іс-шараларын өткізу МӘМ үшін басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүргізілуі тиіс.
Әлеуметтік-мәдени қызметтер
Әлеуметтік-медициналық қызметтер
Әлеуметтік-медициналық қызметтер
Қызмет алушыларға олардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуларына көмек көрсету. Қызмет алушылардың ауру сипатын, медициналық көрсеткіштерін, физикалық және психикалық жағдайын ескере отырып, уақтылы және қажетті көлемде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер
Әлеуметтік-құқықтық және экономикалық қызметтер
Әлеуметтік-құқықтық және экономикалық қызметтер
Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығына және өз мүдделерін қорғауға байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді.
Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету
Интервьюлеудің негізгі мақсаттарының бірі қамқорлықтағы адамның жеке-психологиялық ерекшеліктерін бағалау, сапасы, күші мен ауырлығы бойынша анықталатын ерекшеліктерді саралау, оларды психологиялық феномендерге немесе психопатологиялық симптомдарға жатқызу болып табылады.
Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету
Әлеуметтік-еңбектік қызметтер
Әлеуметтік-еңбектік қызметтер
С целью формирования трудовых навыков, знаний и умений лицам старше 18 лет, инвалидам и престарелым исходя из их индивидуальных потребностей должны назначаться виды трудовой деятельности, обеспечивающие активное участие получателей услуг в мероприятиях по обучению доступным профессиональным навыкам, способствующим восстановлению их личностного и социального статуса.
Орталық қызметкерлері
Сотрудники Центра

×

Заказать звонок

Мы свяжемся с вами в течении 15 минут

* Поле ФИО обязательно к заполнению * Поле Телефон обязательно к заполнению