Отан қорғаушылар күніне арналған концерт

04.05.2018

2018 жылы 4 мамыр айында Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де "Отан қорғаушылар күніне"арналған концерт өткізілді.

Отан қорғаушылар күніне арналған концерт

2018 жылы 4 мамыр айында Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де "Отан қорғаушылар күніне"арналған концерт өткізілді. Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Көкен Назарбек орталықтың ер адамдарын құттықтап, олардың еңбегі үшін алғысын білдіріп, ерлердің қоғамдағы және жалпы мемлекеттегі рөлін атап өтті.

Орталықтың ер адамдарына Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Оспанов Ермек Сабырбекұлы мен Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ директоры Зұлқарнаев Нұрбол Нұрбайұлынан алғыс хаттар табыс етілді. Одан кейін орталық қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

Хореографиялық және вокалдық нөмірлер болды. Сонымен қатар, әскер туралы көріністер қойылды, жүргізушінің өлеңдері мен құттықтау сөздері оқылды. Біздің орталықтың ер адамдары жақсы көңіл-күймен келді, олар әріптестерін қарсы алып, оларға қошемет көрсетті.

×

Заказать звонок

Мы свяжемся с вами в течении 15 минут

* Поле ФИО обязательно к заполнению * Поле Телефон обязательно к заполнению