2021 жылдың 01 ақпанында «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ психолог Б.Т. Байдаленова қызмет алушылардың қатысуымен таза ауада «Тыныс алу – бұл өмір» атты тыныс алу гимнастикасын өткізді.

01.02.2021

Тыныс алу - біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Бұл біз үшін соншалықты дағдылы және табиғи процесс, сондықтан біз көбінесе қалай тыныс алатындығымызға онша мән бере қоймаймыз. Ал бірақ дұрыс тыныс алмаудың салдарынан түрлі, соның ішінде созылмалы аурулар жиі пайда болады. Тіндерде оттегінің жетіспеушілігі олардың жағдайын нашарлатады, ішкі процестерді баяулатады және біздің ағзамыз күш-қуатты жоғалтады, тез шаршайды, қартаяды және сау адамдарға қарағанда жиі әсер ететін түрлі вирустар мен инфекцияларға төтеп бере алмайды.
Тыныс алу гимнастикасының арқасында біз ағзаның жұмысын реттейміз және оны толықтай жұмылдыруға тырысамыз.
×

Заказать звонок

Мы свяжемся с вами в течении 15 минут

* Поле ФИО обязательно к заполнению * Поле Телефон обязательно к заполнению